Өсімдік регенерациясының құпиясы ашылды
Өсімдік регенерациясының құпиясы ашылды
1 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил биологтары алғаш рет өсімдіктер тінінің жарадан жазылу  процесін бақылай алды. Визуалдау әдісімен. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, өсімдік зақымдалған жерге дереу глюкозаны бағыттайтын болып шықты. Зақымдалған жерді шұғыл қалпына келтіру үшін. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Еврей университетінің ғалымдары механикалық жарақаттардан, жәндіктердің тістегенінен немесе кесіп тастағаннан кейін флораның аман қалуының негізгі тетігін анықтады. Осы уақытқа дейін ғалымдар зақымдалған өсімдік тіндері жасушаларды тез бөліп, қорғаныс кедергісін қалпына келтіру үшін ресурстарды қалай жұмылдыратынын білмей келген еді. Осы жұмбақты шешу үшін авторлар Glifon деп аталатын инновациялық генетикалық кодталған флуоресценттік сенсор жасады. Бұл биодатчик қант молекулаларын микроскоптың астында жарқыратады, осылайша тірі организмнің ішіндегі көміртектердің қозғалысын нақты уақыт режимінде жеке жасушаға дейінгі дәлдікпен бақылауға мүмкіндік береді. Моделдік тәжірибе Тал резуховидкасының (Arabidopsis thaliana) жарақат алған сәтте аталған өсімдік ағзасы өзінің ішкі логистикасын толығымен қайта құратынын көрсетті. «Жара» пайда болғаннан кейін бірнеше минуттан кейін тамырлар мен сабақтардың сау тіндері өз бойына энергия жұмсауды тоқтата тұрады. Оның орнына өсімдік тамырлары шоғырланған глюкозаны жарақат орнына тура мағынасында көшкін тәрізді айдауды бастайды. Қант молекулалары мұнда жаңа жасушаларды бөлуге арналған құрылыс отыны ретінде ғана емес, сондай-ақ, қорғаныш гормондары мен антисептикалық заттарды шығаруды іске қосатын дабыл агенттері ретінде де әрекет ететін болып шықты. Ғалымдар, сондай-ақ, бұл процесті SWEET деп аталатын, арнайы көлік ретінде тасымалдаушы қызметін атқаратын ақуыздарың бақылайтынын анықтады. Биологтар тәжірибе үлгілеріндегі ақуыздарды жасанды жолмен жауып тастағанда, жарақаттанған өсімдіктер қантты жараларға қарай бағыттай алмады, ал бұл қадам регенерацияның (зақымдалған тұстың қалпына келу процесінің) тоқтауына және кейіннен тіндердің шіруіне алып келді. Аталмыш жаңалықтың әлемдік ауыл шаруашылығы мен биотехнология үшін маңызы орасан. Энергияны бөлудің молекулярлық тетіктерін түсіну  өз кезегінде селекционерлерге құрғақшылыққа, дауылға және зиянкестерге  төзімділігі аса жоғары агро дақылдардың жаңа сорттарын шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, технология жасанды клондау кезінде өсімдіктердің жерсінуін едәуір арттыруға және көшет түрінде жеміс ағаштарын егу тиімділігін бірден 40-50% -ға арттыруға көмектеседі.

 

0 пікір
Мұрағат