Ең белгілі арамшөпке қарсы гербицид топарықта қауіпті бактерияларды көбейткен
Ең белгілі арамшөпке қарсы гербицид топарықта қауіпті бактерияларды көбейткен
1 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Антибиотикке төзімді бактериялар жылына ең аз дегенде бір миллионнан аса адамның өмірін қияды. Бактериялардың дәрі-дәрмекке бой бермеуінің антибиотиктерді адам мен малға талғаусыз қолданылуынан бастап, глифосаттың кеңінен қолданылуына дейінгі бірнеше себебі бар. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers in Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Топырақ құрамында кездесетін саңырауқұлаққа қарсы бұрыннан антибиотик қолданылып келеді, осыған байланысты бактериялардың дәрі-дәрмекке төзімділігін қалыптастырған. Таяуда аргентиналық ғалымдар гербицидтің кеңінен тараған түріне жататын глифосаттың пайдаланылуы бактериялардың антибиотикке төзімділігін қаншалықты қалыптастыратынын тексеріп көрген екен.Глифосат — арамшөптерді қоса алғанда өсімдіктердің бірқатар түріне тиімді жоятын гербицид. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері осынау химиялық затқа төзімді ететін генге ие. Глифосат тек өсімдіктердің жауы ғана емес, сонымен қатар, бактерияларды да жоя алады. Бұл тараптағы зерттеу авторлары Буэнос-Айрестің маңынан, Оңтүстік Американың Парана өзенінің атырабындағы шөгінділерден бактериялардың 68 қоздырғышын жинады. Аргентина ауыл шаруашылық өнімдерін молынан экспорттайтын ел болғандықтан  егістік алқаптары өзен суымен шайылады, ал глифосат осы суғармалы суда молынан шоғырланған. Зерттеушілер штаммдардың (қоздырғыштардың) ең көп таралған 16 антибиотикке төзімділігін, оның ішінде әдетте антибиотиктерге (мысалы, сульбактарға) бактериялардың төзімділігін төмендететін дәрілік заттармен комбинацияда тексеріп көрген екен. Бұдан басқа, ғалымдар осы штаммдардың глифосатқа төзімділігін де өлшеген. Нәтижесін жергілікті ауруханаларда кездесетін әлеуетті патогенді бактериялардың 19 штаммының антибиотиктерге төзімділігі туралы деректермен, сондай-ақ, мал шаруашылықтарында кездесетін 15 штаммның ұқсас параметрлерімен салыстырылды. Емханада кездесетін штаммдардың аталған антибиотиктерге төзімділігі бұрыннан белгілі. Олардың 74 пайызы, тіпті, карбапенемдерге де төзімді болған: бұл антибиотиктер басқалары нәтиже бермеген кезде қолданылады. Аурухана штаммдарының барлығы глифосатқа өте төзімді. Enterobacter сияқты кейбір штамдар  бір миллилитр судағы 80 миллиграмға дейін глифосатқа төзімділік танытқан. Авторлар ауруханалардағы бактериялардың бір бөлігі аурухана кәрізі арқылы топыраққа және өзендерге түсетінін атап өткен. Осы орайда Америка құрама штаттарының глифрсат кеңінен қолданылатын ауылдық жерлерінде жүктіліктің орташа мерзімі қысқарып, жаңа туған шараналардың салмағы кем болып туатыны анықталғанын айта кетпекпіз. 

0 пікір
Мұрағат