Жаппай ағаш отырғызудың кері әсері анықталды
Жаппай ағаш отырғызудың кері әсері анықталды
1 сағат бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың орманды қалпына келтіру бағдарламасы тарихтағы ең ауқымды экологиялық бастамалардың біріне айналды. Алайда, мұндай ауқымды жобаның салдары алдын ала ескерілмей қалған. Бұл жайында islam.kz порталы осы тараптағы зерттеу материалы жарияланған Live Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар Қытайдағы орманды қалпына келтіруге қатысты бірнеше жылға созылған бағдарламасының салдарына үңіліп, планетаға қалай әсер ететінін анықтады.  1980 және 1990 жылдардағы ауқымды экологиялық бастамалардан кейін Қытай аумағы орман-тоғаймен көмкеріліп келеді. Ең танымал бағдарламалардың біріне жататын «Қытайдың жасыл қабырғасы» жобасы - Гоби шөлінің таралу қарқынын бәсеңдетуге және құмды дауылдардың салдарын азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, елдегі тозған жерлердегі өсімдіктерді қалпына келтірудің басқа да бағдарламалары жүзеге асырылды. Мұндай экологиялық жобалар ең алдымен климат дағдарысының одан ары тереңдемеуінің алдын алу үшін жүзеге асырылады. Дәлірегі, жаһандық жылынуға себеп болып отырған атмосферадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөлетін ағаштың жерді салқындатудағы рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Десе де орман-тоғай планетаның су айналымын да өзгертетін болып шықты. Ағаш тамырымен топырақтағы ылғалды сіңіріп, оны жапырақтары арқылы атмосфераға қайтарады. Бұл процесс транспирация деп аталады. Бұдан бөлек, орман топырақтың өзіне тән ерекшелігін өзгерте алады. Ол ол ма, жер бетіндегі судың ағынын өзгертіп, ылғалдыңң белгілі бір аймаққа шоғырлануына ықпал етеді, тіпті, белгілі бір аумақтың климатын да өзгерте алады. Міне, осындай себептерге байланысты орман-тоғайдың аумағын ұлғайту тек көміртек айналымыны ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар, аймақтың гидрологиясын да әсер етеді. Бұл бағыттағы зерттеу Қытайдағы орманды қалпына келтіру жобасы кей өңірдегі судың қозғалысында елеулі өзгерістерге әкелгенін көрсетті. Ғалымдар спутниктік деректерді, климаттық моделдер мен өсімдіктердің жай-күйін бақылай келе осындай тұжырымға келіп отыр. Орман-тоғай алаңының ұлғаюы жапырақтар арқылы ылғалдың булануын күшейтіп, судың топырақ, атмосфера және өзен жүйелері арасында таралу қарқыны мен көрсеткішін өзгертті. Басқаша айтқанда, бұрын топырақта қалуы тиіс немесе өзенге түсуі тиіс судың елеулі бөлігі өсімдіктер арқылы атмосфераға қайта оралады. Қытайдың құрғақшылық жайлаған солтүстік өлкелерінде ағаштар қосымша су тұтынатын органикалық жүйеге айналады. Орман-тоғайға айналдыру жобасын қолға алмас бұрын жергілікті жердің климат ерекешелігін, қандай ағаштарды еккенде тиімді болатынын, ағаштарды қандай тығыздықта (немесе қанша шаршы метрде) отырғызудың маңызы барын ескеру керек. Әсіресе, тұшшы су тапшы аймақтарда. 

0 пікір
Мұрағат