Пластикті алмастыратын, су өткізбейтін қағаз жасалды
Пластикті алмастыратын, су өткізбейтін қағаз жасалды
2 жыл бұрын 2094 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары қоршаған орта әсеріне төтеп беретін, пластикті алмастыра алатын, кремнезем мен шайырдан экологияға зиянсыз композиттік қағаз жасады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы технология сипатталған Industrial & Engineering Chemistry Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токио университетінің қатты денелер физика институтының Зензи Хирой бастаған ғалымдары осылайша Choetsu деп аталатын биологиялық тұрғыдан ыдырайтын жабынды концепциясын жүзеге асырды. Бұл технология қағазды су өткізбейтін етеді. Ол ол ма, су тигенімен қаазға тән икемділігін сақтап қалады. Choetsu қауіпсіз әрі арзандау химиялық заттардан, соның ішінде метилтриметоксисилан, изопропилді спирттен және тетраизопропилтитанатан тұрады. Сумен жанасқанда бұл материал қағаздың еткі жағында өздігінен берік әрі суды өткізбейтін пленка (жұқа қабық) қалыптастырады. Азық-түлік контейнерлері сияқты қағаз өнімдеріне пластикалық қасиеттерді дарыту үшін оларды химиялық заттардың сұйық қоспасымен бүрку немесе батыру керек. Осыдан кейін өнімдер бөлме температурасында кептірілуі керек. Ғалымдардың айтуынша, қағаз жасалған целлюлозада кептіруден кейін құрамында метил спирті бар кремнеземнің жұқа қабаты пайда болады, бұл беріктік пен суға төзімділікті қамтамасыз етеді. Ғалымдар атап өткендей, пленка бетінде қағазды өңдеу процесінде автоматты түрде өлшемі 2 нм титан диоксиді нанобөлшектерінің қабаты пайда болады. Бұл элементтер метилен көгінің ыдырауын және бетінің бактерияға қарсы белсенділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, пленканың органикалық ластаушы заттарды фотокаталитикалық реакциялар арқылы ыдырағанға дейін тиімді ұстай отырып, жоғары адсорбциялық қабілетіне ие екенін айта кету керек. Жабындыны қалыптастыратын химиялық заттардың барлығы уақыт өте келе көміртек, су және кремния секілді зиянсыз компоненттерге ыдырайды. Күншығыс елінің аты аталған профессорының айтуынша, сұйық композицияны басқа заттар үшін өзгертуге, яғни, лайықтауға болады, мысалы, шынының, керамиканың, тіпті, басқа пластмасса бұйымдардың жарамдылық әрі қолдану мерзімін ұзарту үшін, дәлірегі, кір мен көгеруге төзімді ету үшін пайдалануға болады.

Мұқаба фотосы: суда өңделген және өңделмеген, қағаздан жасалған оригами. Hiroi et l.
0 пікір
Мұрағат