Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды
Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды
2 жыл бұрын 1983 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Техастық химиктер жасанды зерде көмегімен адамзатқа қоршаған ортаны ластау арқылы қауіп төндіріп тұрған пастикті бір тәулік ішінде ыдыратып, ірітіп жоятын, ПЭТаза деп аталатын табиғи ферментті мутациялады. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған мутация FAST-PETase деген атауға ие болды. Ғалымдар аталған протеиннің пластик қалдықтардың 51 түрінде өз тиімділігін көрсетті. Фермент пластик қалдықтарды жаппай қайта өңдеуді жеделдетуге, яғни, ірі кәсіпорындарға пластикті қалпына келтіру және қайта пайдалану арқылы қоршаған ортаға кері әсерін төмендетуіне мүмкіндік бермек. Америкалық ғалымдар тиісті патент алуға өтініш беріп қойды. Бл фермент ең алдымен аса қауіпті полиэтилентерефталатты жоюға бағытталған. Табиғи ортада жойылуы үшін бірнеше ғасыр уақыт кететін полиэтилентерефталат пластигі әлемдегі қалдықтар мен қоқыстың 12%-н құрап отыр. Полиэтилентерефталаттан сусын құйылатын шөлмек, құты, тағам қаптамасы, тоқыма жасалады.

0 пікір
Мұрағат