Қанның ағуын бір секундта тоқтатудың жолы табылды
Қанның ағуын бір секундта тоқтатудың жолы табылды
14 сағат бұрын 122 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Канадалық ғалымдар қанды жасанды жолмен ұйыту үшін «клик-химия» реакциясының көмегімен эритроциттерді түрлендірді. Бұл тарапта егеуқұйрықтарге жүргізілген тәжірибе барысында бірегей технология бауырдан қан кетуді қолданыстағы құралдардан әлдеқайда жылдам тоқтатып, қабыну процесін төмендеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жианой Ли есімді ғалым бастаған Макгилл университетінің (Канада) зерттеушілері түрлендірілген қызыл қан жасушаларының көмегімен қан кетуді тез тоқтату әдісін ойлап тапты. Жасанды жолмен ұйыған қан беріктігі жағынан табиғи тромбалардан (түйткілдерден) да, қолданыстағы дәрілерден да асып түсетінін көрсетті. Тромбоциттер негізгі рөл атқаратын табиғи процеске қарағанда инженерлер эритроциттерді пайдалануды ұйғар екен. Бұл жасушалар неғұрлым икемді және организмде айлар бойы айналымда бола алады. Осы жасушалардың әлеуетін немесе ерекшелігін пайдалану үшін ғалым «клик-химияны» - жасушалардың жұмысын бұзбайтын жылдам реакцияларды қолданды. Эритроциттер мембраналарына полимер тізбектерінде тетразинмен әрекеттесетін транс-циклооктен заты қосылған. Реагенттерді араластырған кезде қас қағым сәтте созылмалы қызыл желе пайда болған. Жасанды жолмен ұйыған қан табиғи жолмен ұйыған қанға қарағанда 13 есе берік болып шықты. Бұдан басқа, бірегей технология тіндердің жазылуына ықпал етіп,  қабыну процесінің қарқын алуына жол бермеді. Солтүстік Каролина университетінің (Америка құрама штаттары) биомедициналық инженері Ешлі Браун шұғыл медицина үшін осындай материалдарға үлкен қажеттілік барын атап өтті. Сарапшы пайдаланылған реакциялар басқа емдеу әдістерінің клиникалық сынақтарында зерттелгенін атап өтті, дәлірегі, мұндай технологияның қауіпсіздігіне көз жеткізген. Зерттеушілер осы технология бойынша пациенттің өз эритроциттерін де, қан тобына сәйкес донорлық жасушаларды да қауіпсіз пайдалануға болатынын дәлелдеді.

0 пікір
Мұрағат