Қазы адам ағзасындағы холестерин мөлшерін азайтады (видео)
Қазы адам ағзасындағы холестерин мөлшерін азайтады (видео)
9 жыл бұрын 11084

Қазақстандықтарға еттен бас тартуға кеңес береді. Өйткені, ет онкологиялық аурулардың дамуына әкеп соқтырады. Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының өкілдері мәлім етті. Дегенмен, жылқы етінен жасалған қазыны жеу пайдалы дейді мамандар. Өйткені құрамы F дәруменіне бай жылқы еті ағзадағы холестерин көлемін азайтады. Сондай-ақ ғалымдар дұрыс тамақтанбау салдарынан семіздікке шалдыққандар мәселесіне алаңдаулы. Статистикаға сенсек, өткен жылдың өзінде 15 жастан асқан әрбір екінші қазақстандық артық салмақтың зардабын тартқан. Сондықтан жастар тез дайындалатын астан бас тартып, жеміс-жидек жеуге дағдылануы керек. Ал тәттіге құмар жандар үшін қантты шоколадпен алмастыруға кеңес береді. Өйткені, тәттіні шамадан тыс пайдалану адам денсаулығына зиян. Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті: - Әлемдегі өлім-жітімнің 60%-ы дұрыс тамақтанбау салдарынан болған. Тез дайындалатын тағамдар, гамбургер, қуырылған қытырлақ картоп жесеңіз, артық салмақ жинап аласыз. Бұдан бөлек түрлі ауруларға шалдықтырады.

0 пікір
Мұрағат