Қытай дрондары жау радарынан энергия ұрлайтын болады
Қытай дрондары жау радарынан энергия ұрлайтын болады
2 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дронның ұшу уақыты енді аккумулятордың қуатына байланысты болмайды. Бұл жайында islam.kz порталы SecurityLab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдары радиобайланыс, жасырыну және электрондық құрылғыларды энергиямен жабдықтау тәсілдерін өзгертуге қабілетті жаңа технологияны ұсынды. Бұл жерде айналасындағы электромагнитті сәулені электр қуатына айналдыра алатын ақылды электромагниттік беткі жақ туралы сөз болып отыр. Бірегей технологияның негізін электромагнитті толқындарды басқару үшін нақты уақыт режимінде қайта бағдарламалауға болатын екі өлшемді шағылыстырғыш материал құрайды. Жаңалықтың басты ерекшелігі - деректер сымсыз беріледі және энергия жинау функцияларын бір жүйеде біріктіреді. Бұл артықшылық өз кезегінде радар сигналдарын немесе басқа сыртқы көздерді энергия көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай шешім электромагниттен жасырынуға жол ашады. Бұл сценариде бірнеше желілік платформа радиодиапазондағы сәулеленуді бірлесіп басқару арқылы жаудың радиотолқындарына көрініп қалу қатерін төмендетеді. Ол ол ма, жау радарларынан энергия жинай алады және оны борттық байланыс немесе қозғалыс жүйелерін қоректендіру үшін пайдалана алады. Бұл аккумуляторларға тәуелділікті төмендетеді және қашық аймақтарды дронның өз бетінше (дербес) ұшуына мүмкіндік береді. Әскери саладан тыс бұл технология байланыс инфрақұрылымына келесi буынды енгiзуге бағыттауға болады. Айрықша технология спутниктік платформаларда, базалық стансаларда және заттар интернетінің құрылғыларында қолданылуы мүмкін. RIS архитектурасы бағдарламаланатын толқынды басқару, сондай-ақ, бір элементте тарату, табу және қуаттандыру функцияларын біріктіру арқылы аппараттық қамтамасыз ету санын азайтуға мүмкіндік береді. Платформа қазірдің өзінде 45 градусқа дейінгі бұрышта радиосигналдарды бағыттауға қабілетті, бұл артықшылық өз кезегінде сигналға жолында кездескен нақты кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ол радиоүнсіздіктің басқарылатын аймақтарын құруы мүмкін, дәлірегі, бұл ерекшелік жау тарапынан деректерді аулау мүмкіндігін және кедергілер қаупін төмендетеді. Мұндай функциялар әскери және азаматтық коммуникациялардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

0 пікір
Мұрағат