Радиациядан жасуша деңгейінде қорғайтын дәрі жасалды
Радиациядан жасуша деңгейінде қорғайтын дәрі жасалды
3 жыл бұрын 3094 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Радиация медицина саласында кеңінен қолданылатынына қарамастан оның әсері өлімге апарып соқтырады. Бұл бағытта ізденген оңтүстік кореялық ғалымдардың дәрісі радиациялық сәуленің әсерін кемітіп, тіндердің зақымдалуының алдын алуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің қолданбалы ғылым институтының (IBS) нанобөлшектерді зерттеу орталығының ғалымдары Сеул ұлттық университетіндегі, Стоматологиялық ғылыми-зерттеу институты мен стоматология мектебіндегі  әріптестерімен бірігіп, радиацияның қауіпті дозасымен күресуге мүмкіндік беретін нанокристалл жасады. Оның аз ғана дозасының өзі организмге аса қуатты антиоксидатты әсерін тигізе отырып, сәуленің жанама әсерлерін болдырмайды. Радиация организмге бірнеше жолмен зиянын тигізеді: ДНҚ-ға әсер ете отырып, мутацияға ұшыратады немесе оттегінің белсенді

Антиоксидті өзгешелігі бар наноматериалдар оттегінің белсенді түрімен байланысты ауруларға қарсы құралға айналуы мүмкін. Ғалымдар бұл тарапта оттегінің радикалы кездеспейтін церия оксидінің (CeO2) және марганц оксидінің (Mn3O4) нанобөлшектеріне назар аударған еді. Алайда, бар гәп – оларды алу қиын әрі үлкен дозада болғанда ғана қосындының тиімділігі білінеді. Осыған байланысты ғалымдар CeO2-нің беткі жағындаMn3O4 нанокристалын өсіруге тура келді, нәтижесінде алынған қосынды тиімділігін танытты. Церия оксидінің нанокристалының беткі жағындағы марганц иондары марганц оксидінің созылыңқы қабатын қалыптастырып, оттегінің белсенді түрі үшін аралық орындарды арттырады, ал бұл жайт өз кезегінде қосындының онымен реакцияға түсу мүмкіндігін арттырады. «Тіпті, азғантай дозадағы антиоксидантты медициналық, әскери және өнеркәсіптік мақсатта қолдана отырып, талай адамның қажеттілігін өтеуге болады. Жаңа CeO2 /Mn3O4 қосынды CeO2 немесе Mn3O4-тен бес есе күшті келеді»,- деп атап өтті профессор Хен Тэгуан. Бұл бағытта арнайы тәжрибе жүргізіліп, ішектің зақымдалған органеллалармен қалай өзара әрекеттесетінін тексеріп көрді. «Нанокристалдармен алдын ала өңделген органеллалар пролиферациямен (жасушалардың бөлінуі арқылы тіннің өсуі) байланысты гендерді көптеп бөлді, діңгекті жасушаларға қолдау көрсетті әрі алдын ала өңдеуден өтпеген топтағыға қарағанда салыстырмалы түрде жасушалардың өлуіне себеп болатын гендерді азайтты»,- деп түсіндірді аталмыш зерттеуге атсалысқан Санг-у Ли.

Аса өткір сәуле синдромының алдын алатын CeO/Mn3Oжоғары каталитикалық нанокристалдардың схемалық иллюстрациясы. Орталық бөлігінде және жоғары жағында – әзірленген нанокристалл; солында – ол қамтылған қосынды; оңында – оттегінің белсенді түрімен өзара әрекеттесу тетігі; төменгі жағында – оттегінің белсенді түрі. © Advanced Materials

0 пікір
Мұрағат