Семіздікті екпе арқылы емдеу жолдары қарастырылып жатыр
Семіздікті екпе арқылы емдеу жолдары қарастырылып жатыр
4 жыл бұрын 2770 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар антитело дайындады. Оны бір жолғы екпе арқылы организмге енгізеді. Ол өз кезегінде метаболизмді (зат алмасуды) тездетіп, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Бұл бағытта тәжірибеге арналған дәрі өз тиімділігін көрсетті, яғни, семіздікпен күресуге қабілетті екенін танытты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, АҚШ-тағы Genentech биотехнологиялық корпорация мамандары BFKB8488A деген атау берілген, әсері ұзақ уақытқа жететін антитела дайындаған болатын. Ол зат алмасуға, энергия бөлуге, т.б. жауапты гормондардың әрекетін салады, яғни, имитациялайды. Калифорниялық ғалымдардың бұл бағыттағы тәжірибесіне артық салмақтан зардап шегетін немесе семіздік індетінің түрлі деңгейіне шалдыққан 60 адам өз еркімен қатысты. Оларды екі топқа бөлді: біреуіне нағыз дәріні берсе, екінші тобына плацебо ұсынған. Нәтижесінде белгілі болғандай, антитела әсері 60 күнге созылған. Нағыз дәріні қабылдағандар плацебо қабылдағандарға қарағанда орташа есеппен алғанда 1,2 келі артық салмақтан арылған. Ал плацебо қабылдағандардың арасындағы бұл көрсеткіш 0,28 келіден аспаған еді. Аталмыш тәжірибе барысында респонденттер құнарлылығы қалыпты тағамды тұтынған болатын. Біртіндеп тәтті тағамдарға деген тәбеті қайтқан. Екпеден бір апта өткен соң көміртекті тұтыну деңгейі төмендеген. Біз сөз етіп отырған антителоның клиникалық сынағы әлі жалғасатын болады.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат