|
Суда жүзетін құлтемір жылан жасалды (видео)
|
Норвегияның «Kongsberg Maritime» компаниясы жұртшылықтың назарына суда жүзетін жылан пішіндес құлтемірді ұсынды. Бұл құрылғы теңіз инспекциясының жұмысын жеңілдететін болады. Бұл жайында аталмыш компанияның ресми сайтында айтылған. «Eelume» құлтемірін жасауға он жыл кеткен. Су астында зерттеу жүргізуде пайдаланылатын аса қымбат әрі үлкен аппараттарды алмастыра алады. Оның икемділігі мен мықтылығы су астындағы кез келген кедергені еңсеруге мүмкіндік береді. Құлтемір құрылғысы қашықтан пульт арқылы басқарылады. Тарқатып айтқанда, ол су астындағы күн сәулесінен қалтарыс қараңғы жерлерге жарық түсіріп, бейнетаспаға тартып алады. Сондай-ақ, ол кеме секілді техникалардың бұрандаларын бұрап, зақымданған жерлерді бүтіндеуге көмектеседі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды