Супер бактериямен өз қаруын қолдана отырып күресудің жолы табылды
Супер бактериямен өз қаруын қолдана отырып күресудің жолы табылды
3 жыл бұрын 2374 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Адамзатқа төніп келе жатқан басты қатерлердің бірінен саналатын супер бактериямен күресудің тиімді тәсілін табу үшін ғалымдар жатпай-тұрмай ізденіс үстінде келеді. Таяу болашақта супер бактерияға қарсы тиімді құрал табылмаса, 2050 жылға қарай супер бактериядан әлем бойынша жылына 10 млн адам ажал құшуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Джорджия университетінің ғалымдары кейбір қауіпті бактериялар штаммының (қоздырғышынан) осал тұсын тапты – осылайша бактериялар өз уынан өзі зардап шегетін болады. Мамандар бұл бағыттағы зерттеу барысында гендік инженерия көмегіне жүгініп, грамтеріс бактериялардың өз-өзін жоюына ықпал етті. Бактериялардың антибиотикке төзімділігі артып келеді. 20 ғасырда ашылған ең маңызды жаңалықтардың бірінен саналатын антибиотиктің де күні өтіп барады. Грамтеріс бактериялар ғылыми ортада өзекті проблемаға айналған микробтар класы болып табылады. Аталмыш бактериялар екі мембранаға ие болғандықтан антибиотиктің әсеріне жөпшеңді бой бермейді. Бұдан бөлек, олар липополисахарид деп аталатын денсаулыққа аса қауіпті улы молекулалар бөледі. Бұл мәселенің шешімі таяуда бұл тарапта жүргізілген зерттеу қорытындысынан табылды: кардиолипин деп аталатын молекула бактерия ішінде нендей міндет атқаратыны ұзақ уақыт бойы ғалымдарға жұмбақ болып келген еді. Осыған орай ғалымдар антибиотикке төзімділігі шапшаң артып келе жатқан ішек таяқшасының генін кардиолипин істеп шығара алмайтындай етіп өзгертеді. Аталған тәжірибеден белгілі болғандай, бұл молекула грамтеріс бактериялардың қорғану тетігінде аса маңызды рөл ойнайтын болып шықты. Яғни, кардиолипинсіз ішек таяқшасы өзінің ішіндегі улы липополисахаридті жасушаның беткі жағына шығара алмай қалған. Есесіне бұл улы молекула бактерияның өз ішінде жиналып, бактерияның өзін улап жойған. Ал бұдан аман қалғандары әлсірегендіктен антибиотик алдында дәрменсіздік танытып, жойылатын болады.

Ұқсас материалдар:

"Ішек таяқшасы жылдан жылға антибиотикке бой бермей келеді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ishek-tayaqshasy-jyldan-jylga-antibiotikke-boi-bermei-keledi-15232/#gsc.tab=0);

"Бактерияның «өздігінен оталатын зымыраны» бар болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-ozdiginen-otalatyn-zymyrany-bar-bolyp-shyqty-15115/#gsc.tab=0); 

«Антибиотиктің бір түріне төзімділігі қалыптасқан бактерия антибиотиктің өзге түрлеріне де төзімді болып келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotiktin-bir-turine-tozimdiligi-qalyptasqan-bakteriya-antibiotiktin-ozge-turlerine-de-tozimdi-bolyp-keledi-13566/#gsc.tab=0);

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

«Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-quatty-ambebap-tabigi-antibiotik-tabyldy-14162/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-aparatyn-asa-qauipti-superbakteriyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14761/#gsc.tab=0);

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0 

 

0 пікір
Мұрағат