|
Сутегі батареясы - смартфон қуаты бір аптаға жетеді
|
Британдық Intelligent Energy компаниясы екі жыл ішінде смартфондарға бір аптаға жуық қуат беретін сутегі аккумуляторын шығаруды жоспарлап отыр. Осындай батарея көлемі қазіргі қолданыстағы литий-иондық модельдермен бірдей болғандықтан оны телефондарға орнатуға болады.
Bloomberg мәліметтеріне қарасақ, британдық өнертапқыштар атауын жарияламауды қалаған смартфон шығарушылардан $7,6 млн инвестиция алған. Егер бұл жобаға кедергі болмаса, 2018 жылы сутегі аккумуляторлы алғашқы телефон қолданысқа шығарылады.
Мобильдік құрылғы өндірушілер үшін шешімі табылмаған жалғыз кемшілік бар, ол - сутегі батареясын қолдану кезіндегі шығатын су буы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді