Ғалымдар: Құранға қарағанда Інжілде "агрессиялық" мәтін әлдеқайда көп
Ғалымдар: Құранға қарағанда Інжілде "агрессиялық" мәтін әлдеқайда көп
8 жыл бұрын 3413 islam.kz

Британ ғалымдары қасиетті Құран мен Інжілдің ағылшын тіліндегі мәтіндеріне компьютердің көмегімен талдау жасап, осындай тұжырымға келді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Independent» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Яғни, христиандардың киелі жазбасында агрессияға шақыратын мәтін көптеп кездескен. Тарқатып айтқанда, ИТ-инженер Том Андерсон арнайы программамен қасиетті кітаптардың мәтіндерін саралай келе «Құранда зорлық-зомбылық жайында көп айтылады» деген батыс елдерінде кеңінен тараған жаңсақ ұғымға тойтарыс берді. Аталған талдау барысында «шаттық», «үміт», «ашу-ыза», «жеккөру». «қайғы», «таңырқау», «уайым үрейі» және «сенім» секілді шартты ұғымдарды білдіретін сөздердің қасиетті кітаптарда қаншалықты кездесетінін есепке алған. Мәселен, «ашу-ыза» сөзі қасиетті Құранға қарағанда Інжілде көбірек ұшырасқан, ал «сенім» сөзі аз кездескен. Том Андерсонның сөзіне қарағанда, кісі өлімі мен бүлік Жаңа Өсиетте 2,8% жиілігінде, ал Ескі Өсиетте 5,3% жиілікте кездескен. Ал қасиетті Құранда бұл көрсеткіш 2,1% жиіліктен аспаған.

0 пікір
Мұрағат