Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
3 сағат бұрын 51 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд және Колорадо университетінің ғалымдары питондарды зерттей келе ерекше жаңалық ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Metabolism мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада организмге тигізетін әсері салмақ тастауға көмектесетін дәрілерден кем түспейтін молекула турасында сөз болып отыр. Бұл тараптағы кеміргіштерге жасалған тәжірибе барысында артық салмақтан зардап шегетін тышқандардың аз қректенуіне әрі арықтауына көмектескен. Питон - таңғажайып жануар. Ол салмағы өзінен кем түспейтін жемтігін жұта алады, соған қарамастан айлап аш жүруге төзімді келеді. Осындай ірі жемтігін жұтқаннан кейін, яғни, жемтігін қорытқанда олардың ағзасы қатты өзгереді: жүрек пен басқа да ағзалары ұлғаяды әрі энергия әлдеқайда көп жұмсалады. Алып жыланның мұндай ауыр процесті қалай еңсеретіні ғалымдардың назарын өзіне аударған еді. "Адамдар күніне үш рет тамақтанады және күнделікті тұтынатын тағам мөлшері әдетте дене салмағының 1-2% -ын құрайдыӘрине, біз жылан емеспіз, бірақ, оларды зерттей отырып, метаболизмге (организмнің зат алмасу процесіне) әсер ететін тетікті табуға болады", деп түсіндіреді зерттеу авторларының бірі Жонатан Лонг. Ғалымдар зерттеу кезінде питонның аш кезіндегі және қоректенгеннен кейінгі қан үлгілеріне талдау жасаған екен: белгілі болғандай, жемтігіне тойған алып жыланның қан құрамында рТОS деп аталатын молекула мөлшері күрт көбейіп кетеді, дәлірегі, мың есе артып кетеді. Осы молекуланы семіз тышқанның организіміне енгізіп көрді. Нәтижесі қайран қалдарады: 28 күннің ішінде салмағы 9%-ға кеміген. Соған қарамастан оның белсенділігі мен суды тұтыну деңгейі өзгеріссіз қалған. РTOS молекуласы жыланның ішегінде асқазанға түскен қоректен ақуыз өндіретін бактерия істеп шығарады. Содан соң молекула аштық сезімін басатын ми аймағына еніп, тәбетті басады. Аталмыш молекуланың арықтататын дәрілерден айырмашылығы - асқазанға түскен астың қорытылу пррцесін баяулатпайды, тікелей миға әсер ететіндіктен организмге тигізер кері әсері болмайды.

0 пікір
Мұрағат