Ұйқының жадыға әсерінің тетігі ашылды
|

Ұйқы тек өткен оқиғаларды есте қалуына ықпал етіп қоймай, сонымен қатар, жаңа оқиғаларды есте сақтауға әзірлейтін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы осындай қорытындыға келген жапон ғалымдарына жөн сілтеген Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында естеліктерді қалыптастыруға жауапты ерекше нейрондардың – энграмды жасушалардың белсенділігі қадағаланды. Белгілі болғандай, аталған жасушалар ұйқы кезінде белсенді режимге еніп, жадыны нығайтуға атсалысқан. Десе де ғалымдар «болашақтың энграмды жасушаларын» - нейрондар тобын тапқан. Олар нақты естелікпен байланыста болмаса да ұйқы кезінде жадыға жауапты, яғни, естеліекті бекітуге атсалысқан жасушалармен өзара әрекеттескен. Кеййін осы жасушалар жаңа оқиғаларды тіркейді немесе бекітеді. Гиппокамптағы нейронды модел арқылы процесті моделдеумен айналысқан ғалымдар осындай өзара әрекеттердің ұйқы кезінде нейрондар арасындағы байланыстың қайта құрылуына тәуелді екенін көрсетті. Зерттеушілердің пікірінше, бұл процестер тек өткенді тиімдірек есте сақтауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, ми жаңа ақпаратты тиімдірек меңгеруге дайындалады. Бұл жаңалық есте сақтау қабілетіндегі ауытқуларды емдеуде және білім беру саласында пайдаланылуы мүмкін.




