Ультрадыбыс донорлық қанның сақталу мерзімін ұзартады
Ультрадыбыс донорлық қанның сақталу мерзімін ұзартады
4 жыл бұрын 3978 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа жүйе емханада қанның сақталу мерзімін бірнеше есеге артырады. Бұл жайында hightech.fm ақпарат көзі Луисвилл университетінің ғалымдарына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Жыл сайын әлемнің әр түкпірінде бірнеше миллион адам өз еркімен донорлық қан тапсырып жатады. Әдетте донор қанын алты аптадан артық сақтау мүмкін емес. Осыған байланысты ғалымдар қанды ұзақ уақыт сақтауға септігін тигізетін,  мәселен, қан негізіндегі консерванттардың немесе арнайы бактерияның көмегімен қанды сақтау технологиясы бойынша бұл бағытта жатпай-тұрмай ізденген болатын. Зертханада қанды сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін жаңа тәсіл ультрадыбыс технологиясы мен қантқа негізделген. Ғалымдар ультрадыбыс көмегімен қан жасушасындағы сахароид тобынан трегалоз молекуласын алуға қол жеткізді. Ол өз кезегінде қанның деградацияға ұшырауына ол бермейді. Ультрадыбыс көмегімен түзілетін инертті газдың микроскопикалық көбікшелері аталмыш жүйенің жасуша  ғұмырын қамтамасыз ететін, оның одан ары гидратирленуіне (су молекуласының бүлінбей өзге өзге молекулаға немесе ионға қосылуын айтамыз) мүмкіндік беретін қабілетін арттырады. Біз сөз етіп отырған технология донорлық қанды бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін сақтауға мүмкіндік бермек. Аталмыш технология қанның деградацияға ұшырауына жол бермейді, сонымен қатар, кеуіп кеткен эритроциттерді қалпына келтіре алады. Аталмыш технология осы заманғы құрал-саймандармен жабдықталған жаңа зертханаларда бірнеше мәрте сынақтан өтеді. Сынақ сәтті өтсе, нағыз консервіленген адам қанын сақтауға қолданады.

0 пікір
Мұрағат