Ұрықтан дененің қалыптасуының алғашқы сәті таспаға тартылып қалды (видео)
Ұрықтан дененің қалыптасуының алғашқы сәті таспаға тартылып қалды (видео)
3 жыл бұрын 5996 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Теңіз биологиялық зертханасының (MBL) ғалымдары ұрықтанғаннан кейін ұрық жасушаларының қайта құрылуының бастапқы сәтін таспаға тартып алыпты, дәлірегі, визуализация (компьютерлік моделдеу арқылы көз алдыңа әкелу) тәсілімен көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы molbiolcell.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Томоми Тани есімді ғалымның сөзіне қарағанда, даму биологиясының жұмбағы көп бөлігіне жануардағы дене осінің қалай пайда болатыны жатады. Нәтижесінде екі тарапта та, яғни, анасы мен әкесі де өздерінің ұрпағының дене бітіміне үлес қосатыны белгілі болды. Тыңнан түрен салған бұл зерттеу даму биологиясының негізгі мәселелерін қамтиды. Дене осіне қатысты басымдыққа ие болған теория бойынша жасушаларды қозғалысқа келтіретін әрі кемуіне ықпал ететін ұрық жасушасы ішіндегі актиндік жіп ұрықтану процесінен кейін цитоплазматикалық материалдың қайта құрылуын қозғалысқа келтіреді. Алайда, оны көзбен көру мүмкін емес болатын - аталған процестің бас кезі шапшаң әрі тірі жасуша ішінде өте жақын арақашықта жүзеге асатындықтан.

Солынан: ұрықтандырылған Ciona-ның ұрық жасушасындағы кальция иондары толқынының таралуы. Оңынан: цитоплазманың қозғалысын көрсететін сол ұрықтың автофлуоресценттік бейнесі. Әрбір кадр 2 секунд уақыт түсірілді. Жылдамдығы: секундына 10 кадар. Ұсынған: Хиро Исии және Томоми Тани. Ғалымдар бұл кедергіні еңсеру үшін флуоресцентті поляризациялық микроскопты пайдалануға тура келді. Ол нанометрмен өлшенетін қашықтықтағы оқиғаларды көруге мүмкіндік береді.

Поляризацияға ұшыраған кезде жарық толқыны ішінара немесе толық бір ғана бағытта ауытқиды: жоғары/төмен, оңына/солына, сағат тілінің айналу бағыты/сағат тілінің айналу бағытына қарсы бағыт бойынша, т.б. Міне, сүзгі осындай себеппен поляризацияланған жарықты бір бағдарда ғана өткізеді, алайда, бұрылыс жасаған кезінде бұғаттап тастайды.

Солынан: Ciona ұрығы ұрықтануға дейін және ұрықтанудан кейін (жалпы ішкі көріністің флуоресцентті микроскопия көмегімен алынған видео [TIRFM]; F-актина — AF488-фаллоидин зонды). Оңынан: Ciona ұрық жасушасының алғашқы бөлінуіне дейінгі ұрықтану сәтіне дейінгі F-актиннің туралануының уақытша өзгерісі. F-актинмен байланысты AF488-фаллоидин бөлшектерінің жағдайы сары нүктелермен берілген, ал F-актиннің бағдары сары жолақпен көрсетілген. Кадр интервалы: 10 секунд. Ұсынғандар: Хиро Исии және Томоми Тани

 Ұқсас жаңалықтар: 

"Сперматозоидтар өз бәсекелесін улайтын болып шықты" (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtar-oz-basekelesin-ulaityn-bolyp-shyqty-14783/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Қандай жұптарда ұл бала көп пайда болатыны анықталды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/madeniet/qandai-juptarda-ul-bala-kop-paida-bolatyny-anyqtaldy-13474/#gsc.tab=0); 

«Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/jylu-stresinin-shauhatty-qalai-zaqymdaityny-belgili-boldy-14338/#gsc.tab=0); 

«Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-erler-belsizdigin-emdeudin-tyn-tasilin-tapty-14302/#gsc.tab=0); 

«Белсіздікке ұшыраған ер адамды жүрісіне қарап анықтаудың тәсілі табылды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/belsizdikke-ushyragan-er-adamdy-jurisine-qarap-anyqtaudyn-tasili-tabyldy-14720/#gsc.tab=0);

«Бірдей егіздердің ДНҚ-сы толық бірдей болмайтыны анықталды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/birdei-egizderdin-dnq-sy-tolyq-birdei-bolmaityny-anyqtaldy-14719/#gsc.tab=0); 

1 пікір
  • Барлық авторлық құқығы қорғалған. Көшіріп басу үшін редакцияның арнайы жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
    3 жыл бұрын
Мұрағат