Елімізде соңғы 8 айда 1816 адам АИТВ жұқтырған
Елімізде соңғы 8 айда 1816 адам АИТВ жұқтырған
8 жыл бұрын 2436 khabar.kz

Қазақстанда бүгінде иммун тапшылығы вирусы, яғни, ВИЧ жұқтырғандар 20 мыңға жуық. Ал биыл 8 айда осындай диагнозбен 1816 адам тіркелген. Басым бөлігі – ерлер.  Астанада ВИЧ жұқтырған адамдарды кемсітудің салдары туралы айтылды. Көбіне бұл індетпен күресуге қоғамның өзі тосқауыл болады, ондай адамдардан алшақ жүруге тырысады.  Мәселен, оқу орнынан, жұмыстан шығарып, жақындары мен достары қарым-қатынасын үзеді. Сондықтан, бұл адамдар уақытылы тексерілуге жүрексінеді. Салдарынан өзгелерге індет жұқтырады. «Сондықтан амандасу мен әңгімелесуден жұқпайтын бұл дертке көзқарасты өзгерту керек», – дейді мамандар.  Оксана Ибрагимова, «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қазақстандық қоғамы» бірлестігінің маманы: - Қазақстанда көп жағдайда ВИЧ жұқтырғандарды медициналық мекемелерде жиі кемсітеді. Ал жұмыс берушілер сөзден қашып, мұндай адамдарды қабылдамайды. Жүргізген зерттеуіміздің нәтижесі осындай. Енді оның қорытындысы бойынша салалық ведомстволармен бірлесіп, арнайы іс-қимыл жоспарын құрмақпыз.

0 пікір
Мұрағат