|
Израилдіктер мен палестиналықтар тағы қақтығысты
|
Құдыстағы Храм тауында палестиналықтар мен израилдік полиция арасында тағы қақтығыс болды. Бұл жайында "Ассошиэйтед пресс" ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жолы қақтығыс Израилдің туризм министрлігінің Храм тауындағы аумақты кеңейту шешіміне байланысты орын алған еді. Палестиналықтар Израил тарапынан қасиетті аумақтың мәртебесіне қатысты бір жақты шешім шығарылғанына наразы. Осы Храм тауында мұсылмандар үшін қастерлі Ақса мешіті бар. Мұсылмандар үшін де, иудейлер үшін де қасиетті болып табылатын бұл аумақтағы қақтығыстардың барлығы діни себептермен орын алып келген еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)