Жаңа тренд: цифрлы қабір жобасына сұраныс артып келеді
Жаңа тренд: цифрлы қабір жобасына сұраныс артып келеді
8 ай бұрын 810 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат санының көбеюі мен урбанизация және жер тапшылығына, сондай-ақ, экологиялық мәселелерге байланысты дүниеден озған адам мәйітін жер қойнына тапсырудың орнын қымбатқа түсетін инфрақұрылымды қажет етпейтін әрі қоршаған ортаға зиянсыз кремация, жасыл жерлеу, т.б. ақтық сапарға шығарып салу түрлері алмастыруда. Бұл жайында islam.kz  порталы Business Insider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халық саны көп Қытайда жерлеу цифрлы әлемге көшуде. Қаза болған адамның күлі өмірбаяны пен өзге де деректері қамтылған, фотосы мен видеосын да табуға болатын экраны бар қорапқа салынады. 2023 жылдың бас кезінен бері Бейжің қаласында мұндай цифрлы әлемнен 500-ден аса «жер телімі» сатылған екен. Бұл тараптағы сұраныс күннен күнге артып келеді. Диджитал мола деп аталатын жобаға сұраныстың артуын әдеттегі жерлеу рәсіміне қарағанда бірнеше есе арзанға түсетіндігімен түсіндіруге болады. Британиялық SunLife өмірді сақтандыру компаниясының келтірген мәліметіне қарағанда, дәстүрлі қытай жерлеу рәсіміне шамамен 5400 доллар кетеді. Яғни, әр қытай азаматының жылдық орташа табысының 45%-нан асатын қаражат. Ел астанасындағы жерлеу тарифтері әлдеқайда жоғары. Мысалы, Бейжіңдегі Тайшы зиратындағы цифрлық жерлеу құны 7700 доллардан асады, бұл  көрсеткіш сол аймақта ашық аспан астында жерлеу құнының үштен бір бөлігін ғана құрайды. Цифрлы молa жер тапшылығын арттырмайды. 

Шамамен 215 шаршы фут алаңы 150-ден астам цифрлық моланы сыйдыра алады, ал дәстүрлі бейітте тек алты адамның мәйіті сыяды.

Ұқсас материалдар:

«Су кремациясы - Ұлыбританияда жерлеудің жаңа түрі енгізілмекші» (https://islam.kz/kk/news/alem/su-krematsiyasy-ulybritaniyada-jerleudin-jana-turi-engizilmekshi-18855/#gsc.tab=0);

"Еврейлер көне жерлеу рәсіміне оралуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/evreiler-kone-jerleu-rasimine-oraluy-mumkin-17403/#gsc.tab=0);

"Адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат етілді" (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiitin-tynaitqyshqa-ainaldyruga-ruqsat-etildi-16921/#gsc.tab=0);

«Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/musylmansha-jerleu-krematsiyaga-jane-tabytqa-qaraganda-ekologiyalyq-jagynan-en-ziyansyzy-bolyp-shyqty-14306/#gsc.tab=0);

«Экологиялық «жасыл жерлеу» трендке айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ekologiyalyq-jasyl-jerleu-trendke-ainaldy-12743/#gsc.tab=0);

«Адам мәйіті тыңайтқышқа айналдырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiiti-tynaitqyshqa-ainaldyrylady-11885/#gsc.tab=0);

«Жалға берілетін экологиялық зират ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jalga-beriletin-ekologiyalyq-zirat-ashyldy-15853/#gsc.tab=0);

«Мәйітке қатысты мәжбүрлік» (https://islam.kz/kk/news/alem/maiitke-qatysty-majburlik-13208/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат