|
Жануарлар әлемі: 6 жылдан соң табылған қойдан 21 келі жүн қырқылды (ВИДЕО)
|
Австралияда бір қой 21 келі жүн берген. Шейла атты қой осыдан 6 жыл бұрын Тасмания штатында жоғалып кеткен, деп хабарлайды kz/kz.
Оны жергілікті тұрғындардың бірі жол бойынан тауып алыпты. Куәгерлердің айтуынша, жүнінің ауырлығынан, малдың жүруге шамасы болмаса керек.
Осы елде өткен жылы да осыған ұқсас жағдай болған еді. Қыркүйектің басында жоғалып кеткен Крис атты қой бірнеше жылдан кейін табылған. Ол кезде малдан 41 келі жүн қырқылып, бейресми рекорд орнатылды.
«Бастапқыда қойды өлексе деп ойладым. Тыпырламай жатқан малдың көзі жыпылықтағанын көріп, қатты қуандым. Кәріз құдығының аузына кептетіліп жатыр екен. Біз оны алып шығып, тұрғызуға тырысып көрдік», деп еске алады жергілікті тұрғын
Питр Джонс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады