|
Кинотеатр қожайындары неге шу шығарды?
|
Google компаниясының тың инновациялық жобасы болып табылатын «ақылды» көзілдірігі әлемдегі кинотеатр атаулының бас ауруына айналды. Кейбіреулер аса қымбат тұратын гаджетті кинозал қызметкерлеріне байқатпай жаңа фильмдерді көшіріп алуға пайдалануда. Мұндай жымысқы ұрлықты ең алғаш рет байқап қалған британиялық кинотеатр қожайындары шу шығарып, айдай әлемге жар салды. Үстіміздегі жылдың маусым айында бұл елдің кинотеатрларында мұндай құрылғыны пайдаланып, көрсетіліп жатқан фильмді көшіруге тыйым салынған болатын. Мұндай жағдай АҚШ-та да орын алып отыр. Бұл жолы тек Google көзілдірігімен ғана емес, сонымен қатар, өзге де көшіру құралдарын пайдаланып, көрсетіліп жатқан фильмді көшіріп алуға тыйым салынды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады