|
Косметикадан өнер тудырған
|
Халуд ад-Дасуки есімді 27 жастағы палестиналық әйел косметикалық өнімдерді (опа-далап) өнер тудырудың құралына айналдырған. Израил блокадасында қалып қойған Газа секторының оңтүстігінде тұратын ол косметикадан өнер тудыру ісімен үшінші жыл қатарынан айналысып келеді. Оның соңғы еңбегі Иордан өзенінің батыс жағалауында орын тепкен Наблус қаласындағы үйіне еврей келімсектері от қойып, осы қастандықтың нәтижесінде бесігінде бетінен күйік алған 18 айлық Али Дебавишеге арналған. Оның күлімсіреген портреті көрген жанның жүрегін ауыртпай қоймайды. Газадағы «әл-Ақса» университетінің бейнелеу өнері факультетінің түлегі Ад-Дасуки косметиканы өз өнеріне жарата білген тұңғыш араб суретшілерінің бірі болып табылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады