Пандемияға апарып соқтыру қаупі жоғары тағы бір вирус табылды
Пандемияға апарып соқтыру қаупі жоғары тағы бір вирус табылды
37 минут бұрын 25 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жарғанаттың бойынан адам жасушасына кзді ашып-жұмғанша ене алатын аса қауіпті вирустың да бар екендігін ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Африка құрлығының шығысын мекендейтін жарғанаттың организімінен бұрын беймәлім болып келген адамға қатерлі KY43 вирусы табылғанын мәлімдеді. Аталған вирус алдымен адамның өкпе жасушасына еш кедергісіз әрі оңай енеді де түраралық жұғу қаупін арттырады. KY43 вирусы Кения, Судан және Танзания аумағынан табылған. Оның қаншалықты қауіп төндіретінін анықтау үшін ғалымдар вирустың ақуыздарын зерттеп көрген әрі адамға жұғу деңгейін тексерген. Осы жолғы зерттеу альфа короновирус туралы пандемия кезінен бері қалыптасқан ұғым-түсінігімізді түбегейлі өзгертеді: бұрын мұндай вирустар организмге ену үшін рецепторлардың шектеулі мөлшерін ғана пайдаланады, деп келген едік. Осы жолғы зерттеу нәтижесі пандемия тудыра алатынын көрсетті. Дегенмен, ғалымдар KY43 вирусының адамдар арасында циркуляциясының кездеспегенін алға тартып отыр. Сөйтсе де аса қауіптің барын да жоққы шығармайды. Бұған қоса, пандемия тудырған вирустар індет жайылып кеткеннен кейін белгілі болып жатады және зерттеледі. Ал мына вирус жаппай жұқпалы індетке ұласпаса да қаупі зор. Мұндай жаңалық ерте басын ескертуге, ерте бастан қамдануға, алдын ала екпені әзірлеуге, т.б. шараларды қолға алуға мүмкіндік береді. Жарғанаттар - вирустардың ұясы. Ал аталған жануардың өзі иммундық жүйесінің өзгешелігіне қарай мұндай вирустардан ауырмайды.

0 пікір
Мұрағат