|
АІ үлгілері адамның көмегінсіз көбейуді үйренді. Бұл процесті енді тоқтату қиын
|
Сіз белгілі бір АІ жүйесін ажыратуды ойласаңыз, онда қателесесіз: ол күллі әлем бойынша барлық компьютерге өзінің көшірмелерін баяғыда жөнелтіп қойған. Ешқандай да ІТ-бөлім оның соңынан түсіп, өшіріп үлгере алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы palisaderesearch.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Берклидегі Palisade Research ұйымы бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесін жариялады: онда қазіргі заманғы жасанды зерде үлгілерінің (АІ моделдері) өздерін басқа машиналарға өз бетінше көшіре алатынын анықтаған. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында бірнеше АІ-модел өзара байланысты компьютерлердің бақылауға келетін жүйесіне орналастырылды. АІ моделдерге осал тұстарды табу және осы осал тұстарды көрші серверлерге көшіру үшін пайдалану тапсырмасы берілді. Тапсырманы бірінші талпыныста орындай алмаса да орындап шықты. Palisade Research директоры Жефри Ладиш бақылаудан шығып кеткен жағдайда AI-ды тоқтату (соның ішінде өшіру) қиынға түсетін кезеңге қарай жылдам жылжып бара жатқанын ескертті. Шабуылға арналған киберқауіпсіздік маман Жеймисон О'Райлидің пікірінше, АІ моделдерінің мұндай прогресі техникалық тұрғыдан бірнеше ай бұрын мүмкін болғанын растап отыр.