Араб елі инфлюенсерлер мен цифрлы креаторларға салық ережесін қатаңдатады
Араб елі инфлюенсерлер мен цифрлы креаторларға салық ережесін қатаңдатады
4 сағат бұрын 56 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко  инфлюенсерлер мен цифрлы контенттер жасайтындарға қатысты салық ережесін қатаңдатады. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің экономика және қаржы министрлігі әлеуметтік, цифрлы жарнамадан, электронды сауда-саттықтан түскен табысқа да салық салынатынын мәлімдеді. Бұдын былай, жаңа ереже талаптарына сәйкес онлайн жарнама, контент немесе өзге де платформалар арқылы ақша табатындар салық әкімшілігінде өздерінің табысын декларациялауы (мағлұмдауы) тиіс және салық кодексінде қарастырылған міндеттерді сақтауы қажет. Инфлюенсенлер мен цифрлы контент иелеріне құқықтық мәртебелеріне қарай салық және корпоративтік салық салынады. Ал SNRT News дерек көзі хабарлағандай, қоысымша құн мына жағдайларда салынады: электронды коммерциядағы қызмет жылдық айналым 2 миллион MAD-тен (марокколықтардың ұлттық валютасы – ред.) асқаннан кейін салық салынады, ал ютубшылар мен блогерлер ұсынатындарды қоса алғанда, цифрлық жарнама қызметтеріне 500,000 MAD салық салынады. Бұл қадам таяудағы салық реформаларымен де байланысты. Марокконың 2024 жылғы қаржылық заңы цифрлық қызметтерге салық енгізді. 2025 жылғы қаржы заңы салық резиденттігі критерилерін анықтап, резидент емес операторлар үшін тоқсандық декларацияларды енгізе отырып, салықтың нақты шегін белгілеп берді.

0 пікір
Мұрағат