|
Қытайдың әлеуметтік желі алпауыттары жаңа буын өніміне қаржы төгіп жатыр
|
Қытайдың TikTok әлеуметтік желісінің ұқсас “түріне” жататын Douyin платформасын басқаратын әрі ByteDance алпауытының құрамына кіретін Douyin Group технологиялық компаниясы тірі актерлер онайтын қысқаметражды сериалдар индустриясына инвестициясын арттыратын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Синхуа агенттігіне жөн сілтеген inbuisness.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Douyin Group микродрамаларға авторлық құқықтар орталығының контент жөніндегі серіктестік бөлімінің басшысы Хуа Юэшэннің айтуынша, 2026 жылы компания микродрамалар өндірісін қолдауға шамамен 219 млн доллар бағыттайды. Бір жобаның орташа бюджеті 60% -ға өседі. Қыса метражды индустрияның дамуына Қытайдың қалыптасқан цифрлық экожүйесі, сондай-ақ, жасанды зерде технологияларын жаппай енгізу науқаны ықпал еткен. Десе де сарапшылардың пікірінше, қысқа метражды фильмдердің танымал болуына, таралуына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соның ішінде, урбанизация процесі, мәдени құндылықтардың заман ағымы мен уақыт талабына сай түрленуі, уақыт тапшылығы, қарбалас тірлік, тұтыну мәдениеті мен талғамның өзгеруі, қысқасы, цифрлы контенттермен байланысты көрерменнің немесе оқырманның уақытын үнемдеу бағытында жүріп жатқан процестер, т.б. ықпал етіп отыр. Осының аясында микродрамалар нарығы қарқынды дамып келеді және аудитория арасында танымалдылыққа ие болуда. Бұған қоса, оңтүстік-шығыс Азия елінде кеңінен танымал, үлкен сұранысқа ие жапондар қалыптастырған манго секілді комикс жанрлардың дәуірі туған. Douyin Group авторлық құқықтар орталығының мәліметтеріне сәйкес қысқа метражды сериалдарды көрудің орташа тәуліктік уақыты соңғы жылы шамамен төрт есеге ұлғайды. 1100-ден астам жоба әрқайсысы 1 млрд көру белгісінен өтті. Жанрлық алуан түрлілік те кеңейіп келеді: егер өткен жылы микродраманың 44 жанры болса, қазір олардың саны 65-ке жекен. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Қытай инвесторлары қаржыны молынан құю арқылы осы нарықта басты ойыншыға айналуды көздейді.