|
Премьер-министр еден жуды (видео)
|
Ұлық болсаң, кішік бол. Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте абайсызда парламент қабырғасында еденге кофесін төгіп алған болатын. 51 жастағы ел премьері дереу швабраны қолына алып, еденнің былғанған жерін жуып шыққанымен қоймай, құрғатып берді. Түркиядағы Голландия елшісі Кис ван Бек бұл көрініске куә болып, оны таспаға тартып алып, Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жариялаған екен. Алайда, көпке жағу қиын ғой, әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі білдей бір ел премьерінің бұл әрекетін пиярға балап, пікір білдірген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды