|
Рэп орындайтын имам (видео)
|
Ислам ілімінен дәріс беретін Тимур Шабакаев есімді имам рэп орындайды. Ол рэп арқылы исламды насихаттап жүр. Әсіресе, оның «Жұлдыздарға жақын» клипі оны танымал етті десе де болады. Оның бұл туындысын 14 мыңдай адам тамашалаған. Күннен күнге тамашалаушылардың қарасы артып келеді. Аталмыш тақырыптағы клип Башқұртстанның Тұймазы қаласында түсірілген. Оның түсінігінше ең бастысы – салауатты өмір салты және ішкі рухани әлемнің үстемдігі, қалғаны аса маңызды емес. «Жастардың зиянды жат әдеттерден аулақ болғанын, рухани әлемін байытқанын қалаймын», - дер еді Тимур. Оның орындауындағы рэп мәтіндерін Алла мен Оның елшісіне (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүйіспеншілікке толы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр