|
Той үстіндегі өлім-жітімнің көбейгеніне алаңдап отыр
|
Сауд Арабиясында үйлену тойы кезінде қару қолдану, дәлірегі, оқ ату сәнге айналған. Алайда, бұл жат әдет жазатайым оқиғаларға апарып соқтыруда. Жараланғандары да, опат болғандар да жат әдетке үйір дарақыларға сабақ болар емес. Мәселен, Тұрайып қаласында қуаныштың қайғыға ұласқаны бар. Меймандардың бірі осынау жат әдеттен 40 жастағы әйелді ауыр жаралаған болатын. Қазіргі уақытта әйелдің халі мүшкіл. Елдің тәртіп сақшылары әйелді жаралаған адамды тұтқындады. Осыдан бірнеше күн бұрын осындай себеппен 20 жастағы жас жігіт те жарақат алып, ес-түссіз емханада жатыр. Осынау жат әдеттің етек алуына алаңдаған билік қатаң шара қолдана бастады. Кінәлілерді жауапқа тартуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды