2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады
2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады
3 жыл бұрын 2297

Қазақстандықтар 2021 жылы 244 күн жұмыс істеп, 121 күн демалады. Демалыстардың көбі қаңтар мен мамыр айларына түсіп тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Редакция 2021 жылы қандай мерекелер болатынын жинап шықты.

Келесі жылы ұзаққа созылатын демалыс күндері:

қаңтарда Жаңа жыл - 4 күн;

Наурыз мейрамы - 5 күн;

мамырда Жеңіс күні - 4 күн;

желтоқсанда Тәуелсіздік күні - 4 күн.

Қалған мерекелерде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күннен демалады. Бұл діни мейрамдарды қоспағанда - 7 қаңтар, Рождествода және 20 шілде Құрбан айтта қазақстандықтар бір күн ғана демалады. 

Қазақстандықтар қаңтар айында неше күн демалады?

Қаңтар айында еліміз Жаңа жыл мен Рождество мерекесін атап өтеді.

Жаңа жыл мейрамы қаңтардың 1-і мен 2-сіне келіп отыр, сондықтан бұл ресми мереке күндер. Дегенмен 2 қаңтар сенбі күні болғандықтан, 4 қаңтар қосымша демаламыз.

Осылайша Жаңа жыл мейрамындағы демалыс - 1, 2, 3 және 4 қаңтар күндері.

Айта кету керек, 31 желтоқсан жұмыс күні. 

Ал 7 қаңтар православ христиандарының Рождество мейрамы, бұл күн де ресми демалыс деп белгіленген.

Қаңтар айында Қазақстан жұртшылығы жалпы 13 күн демалады.

0 пікір
Мұрағат