Адам ағзасына қауіпті 8 тағам
Адам ағзасына қауіпті 8 тағам
10 жыл бұрын 15867 baq.kz

Әлемдік диетологтар адам ағзасына өте зиян тағам түрлерін анықтады. Әрине, олардан адам уланып өлмейді. Алайда, жиі пайдаланған жағдайда түрлі ауруларға шалдығары сөзсіз. 

 

1. Чипсы мен лимонад

Чипсы — майлар мен көмірсулардың қоспасы. Сонымен қатар, оның құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсуль сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Лимонадтың құрамында аспартам (Е951) бар. Сусынды көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушаңдыққа алып келуі мүмкін. Чипсы мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады.

 

2. Фастфуд

Тез әзірленетін тағамдар - фри, шаурма, гамбургерлер және қуырылатын өзге де тағамдар денсаулыққа өте зиянды. Өйткені, мұның барлығын бірнеше рет пайдаланылған майда қуырады. Уақыт өте келе фастфуд асқазанның тамақ сіңіру процесін бұзады.

 

3. Дүкеннің шұжықтары, кептірілген ет өнімдері

Шұжықтар, тұшпара, тартылған ет - бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш сынды қоспалар көпетеп кездеседі. Құрамында канцоргендер жоғары мөлшерде болғандықтан мамандар кептірілген ет пен балықты да қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отыр.

 

4. Маргарин, тәтті тоқаштар

Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады. Сондықтан, ол қосылған тағамдардың барлығы зиянды. Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес.

 

5. Кофе мен энергетикалық сусындар

Ересек азаматқа күніне екі бокал кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар.

 

6. Шоколад батончигі, сағыздар

Бұл - түрлі химиялық қоспалар қосылған өте үлкен мөлшердегі колория. Оған адам тез үйренеді және әдетке айналдырады.

 

7. Майонез бен кетчуп

Майонездің де құрамында холестеринді арттыратын зиянды майлар көп. Әсіресе пластик ыдыстарындағы майонез адам ағзасына зиянды. Ал, кетчуп құрамында үлкен көлемде консерванттар мен реттеуіштер бар.

 

8. Йогурт пен балмұздақ

Біздің ойымызша, йогурттың сүттен жасалғандықтан адам ағзасына пайдасы үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш, қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балмұздақ та ағзадағы зат алмасуын баяулататын күшке ие. Оны көп жеген жағдайда артық салмақ қосуыңыз мүмкін. 

4 пікір
Мұрағат