Биыл елімізге 4000-нан астам қандас оралды
Биыл елімізге 4000-нан астам қандас оралды
28 күн бұрын 281 24.kz

Жыл басынан бері 4427 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды, деп хабарлайды 24kz.

Олардың дені жұмысқа жарамды жандар. Яғни, қандастардың 59%-і еңбек жасында, 31%-і балалар, 8%-і зейнеткерлер. Қоныс аударғандардың дені Қытайдан келді. Сол секілді Өзбекстан мен Түрікменстан және Ресей мен Моңғолиядан келген бауырларымыз да бар. Қазір олар Қазақстанның 8 облысына қоныстанып жатыр. Қандастарға мемлекеттік қолдау да қарастырылған.

Дина Темірболат, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің бас сарапшысы: - Сегіз өңірде бізде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде қолдау шаралары ұсынылады. Бір мезгілде отағасына және отбасының әр бір мүшелеріне 70 АЕК, қазір ол 275 мыңнан астам субсидия беріледі. Жыл басынан бері 339 қандастарға түрлі қолдау шаралы қолданды. 50%-і немесе бір отбасыға 4,5 млн теңге үй сатып алуға басқа қандастарға Жер кодексіне қатысты жер беріледі.

Әлем елдері қандастарына қандай мүмкіндік береді?

Жер бетіндегі әрбір жетінші адам өзінің тарихи Отанында тұрмайды. Яғни, жер жаһандағы 1 миллиард халық көшіп-қонып жүр, деп хабарлайды 24kz. Бірақ сол жырақта жүрген қандастарын елге қайтаруды қолға алған елдер некен-саяқ. Атап айтқанда, Қазақстан мен Израиль және Германия. Осы бағытта әлемнің өзге елдерінде қандай жобалар қолға алынған?

Германияда қандас мәртебесін алу жеңілдетілді

Германияда этникалық немістер үшін оралман мәртебесін алу барынша жеңілдетілген. Бағдарлама «Кеш оралған оралмандар» деп аталады. Мигранттарға қарағанда этникалық немістер азаматтықты бірден алады әрі тегін өзгертуге құқылы. Сондай-ақ, ақысыз бейімделу курстары ұйымдастырылады. Алғашқыда қаржылай жәрдемақы төленеді. Мемлекет жұмысқа орналасуына қолғабыс жасайды. Бірақ, барлығы дерлік қоғамға толық сіңісіп кете алмайды. Сарапшылардың пікірінше, бұған көбіне тілдік тосқауылдар мен мамандықтың сай келмеуі кедергі болады.

Грекияда дағдарыс кезінде көшкендер қайта оралып жатыр

Грекия 2009 жылдары қаржылық дағдарысқа ұшырағаннан кейін халқы жан бағу үшін өзге елдерге бас сауғалап кеткен еді. Қазір сол азаматтары елге қайта оралып жатыр. Деректерге қарағанда, елге қайтып келгендердің 82%-інің оралуына отбасы мен таныстары себеп болған. Ал, мемлекет ұсынған салық жеңілдіктері тек 14%-і үшін ғана шешуші рөл атқарған. Елге оралғандардың көбі жоғары білімді, жеке секторда жұмыс істегендер. Бірақ, жартысынан көбі қазір қаржылық қиындыққа тап болған. Сарапшылар: «Бұл репатриацияның негізгі қозғаушы күші отбасына, туған жеріне деген сағыныш екенін көрсетеді», - дейді.  

100 мыңнан аса кәріс атамекеніне оралды

Оңтүстік Корея жырақта жүрген қандастарына виза алу рәсімін жеңілдеткеннен кейін тарихи Отанына оралған этникалық кәрістердің қарасы артты. Соңғы статистика бойынша «Таңғы шық» еліне 100 мыңнан аса адам оралды. Олардың 40 мыңға жуығы Орталық Азия елдерінен барғандар. Көбі өндіріс кешендері шоғырланған қалаларға қоныстанды. Нәтижесінде қазір елде этникалық кәрістер тұратын шағын 30 ауыл бой көтерді. Олар үшін арнайы мәдени орталықтар жұмыс істейді. Мұнда тіл үйретіліп, құқықтық кеңес беріледі. Балалар мен ересектерге арналған мәдени сабақтар жүргізіледі. Бірақ өздерін туған жерде бөтен сезінетіндер көп. «Олар үшін басты кедергі –корей тілін білмеу», - дейді сарапшылар.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3