Әлемде тек бір-ақ ел азық-түлікпен өз-өзін толық қамтамасыз ете алады
Әлемде тек бір-ақ ел азық-түлікпен өз-өзін толық қамтамасыз ете алады
7 күн бұрын 502 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар халықаралық азық-түлік сауда-саттығы тоқтаса, қай елдің өз-өзін асырай алатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы ерекше зерттеу нәтижесі жарияланған Nature Food мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Геттинген және Эдинбур жоғарғы оқу орындарының ғалымдары 186 елдің азық-түлік (ет, сүт, крахмалды азық-түлік, балық, теңіз өнімдері, жаңғақтар мен дәнді дақылдар, бұршақ, жеміс-жидек, көкөніс, т.б.) өндірісіне қатысты деректерді жан-жақты талдаудан өткізді. Талдай келе осы 186 мемлекеттің тек біреуі ғана өз-өзін толық азық-түлікпен қамтамасыз ете алатынын анықтады – оңтүстік Америка құрлығындағы Гайана мемлекеті болып шықты. Ал Қытай мен Вьетнам екінші және үшінші орындарға жайғасты. Қытай мен Вьетнам жеті санаттан алттауы бойынша өз қажеттілігін өтей алатын болып шықты. Қызығы, Ауғанстан, Біріккен Апраб Әмірліктері, Ирак, Макао, Катар және Йемен түрлі факторларға, соның ішінде саяси-экономикалық, әлеуметтік, географиялық орналасу орны, халықаралық сауда-саттықтағы белсенділігі, климаты, т.б. факторлар бойынша жоғарыда жақша ішінде аталған азық-түліктің негізгі түрлерінің бірде-біреуімен өз-өзін толық қамтамасыз ете алмайтын болып шықты. Осы орайда көптеген елдер азық-түлікті сыртан алдырады, яғни, импортайды. Мұндай елдердің көбісі бір ғана сауда серіктесіне тәуелді. Мұндай елдердің импортының жартысынан көбісі осы сауда серіктесінен. Халықаралық сауда - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі ұстындарының бірі.

0 пікір
Мұрағат