Еуропалық бір елдің өзінде күніне 1 млн банан қоқысқа тасталады
|

Ұлыбритания тұтынушыларының бананды сатып алуда таңдауы көп болады. Үй шаруашылығының тағам қалдықтарын кемітуге арналған Tesco (Ұлыбританиядағы ең ірі бөлшек саудамен айналысатын трансұлттық корпорация) бастамасының арқасында. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде FreshPlaza ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Банан күллі әлемге танымал жеміс, дегенмен, Ұлыбританияда ең көп тұтынылатын тауар. Жеміс тез бұзылатындықтан қоқысқа көп тасталатын тағам. Ұлыбританияда күніне 1 млн банан қоқысқа тасталады екен. Tesco бананды үйде пісетін жемістердің біріне айналдыру арқылы мәселені шешкісі келеді – қосымша сақтау мерзімін төрт күнге созу арқылы. Адам бір шыққанда бір аптаға жететіндей етіп алады азық-түлігін. Батыста негізінен осылай қалыптасқан. Бананды да солай сатып алады. Алайда, банан тез бүлінетіндіктен көбісі қоқысқа кетеді. Соңғы жылда аталған елде шамамен 4 млрд банан сатылған екен. Бұл көрсеткіш өткен жылғысымен салыстырғанда 2,6%-ға өскен. Kantar Worldpanel (2025 жылдың наурыз айындағы) есебіне сәйкес банан нарығы 674 млн фунт стерлингке жеткен. Әсіресе, өткен жылы бананға сұраныс кұрт артқан, нәтижесінде оның алдындағы жылмен салыстырғанда өткен жылы 15 млн банан көбірек сатылған.




