Марокко қолөнерін сақтап қалудың барлық амалын қарастырады
|

Марокконың қолөнер мен әлеуметтік және ынтымақтастық экономикасы жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лақсын Сағди материалды емес мұраны сақтауға үкіметтің мүдделі екенін және бұл игі шараны кәсіби білім беру мен мамандардың біліктілігін көтеру жолымен жүзеге асыратынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депутаттардың сауалына жазбаша жауабында ол кәсіби білім беру сапасын көтеруге, ұсыныстарды әртарапдандыруға, құрал-саймандарды жетілдіруге бағытталған реформаның жүріп жатқанын баяндаған екен. 2022-2024 жылдар аралығында жастардың елеулі бөлігі, дәлірегі, 48 мыңнан астамы дәстүрлі қолөнер бойынша білім алған. Бұған қоса, тәжірибелі қолөнершілерді сертификаттау, тұтқындарды қолөнерге баулу, бұл бағыттағы кәсіпкерлікке үйрету, серіктестікке машықтандыру, т.б. шаралар қабылданған.
Ұқсас материалдар
Мароккалық қолөнер секторына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде




