Тікелей инвестиция мөлшері бойынша Дубай әлемде бірінші орынға шықты
Тікелей инвестиция мөлшері бойынша Дубай әлемде бірінші орынға шықты
7 күн бұрын 280 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Financial Times fDi Markets рейтингісіне сәйкес өткен жылы Дубай әлемде мәдени және креативті индустрияға тартылған тікелей инвестиция мөлшері бойынша бірінші орыннан көрінген. Дубай осымен үшінші жыл қатарынан көшбасшылығын сақтап қалған. Бұл тарапта Лондон, Сингапур және Нью-Йорк мегаполистерінің өзін артқа қалдырған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ArabianBusiness агенттігіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы Дубай шығармашылық секторға 971 жобаны тартты. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп. Тартылған инвестицияның жалпы мөлшері 18,86 млрд дирхамды (5,1 млрд долларды) құрады, бұл шама өткен кезеңмен салыстырғанда 60% -ға артық. Бұл инвестиция 23,5 мың жаңа жұмыс орнын құруға ықпал еткен. Мұндай жетістікке ықпал ететін негізгі секторлар: жарнама және PR, кино, ойын индустриясы, білім беру және жасанды зердені пайдалана отырып, бағдарламалық жаасақтаманы әзірлеу салалары болды. Dubai FDI Monitor дерегі бойынша барлық жобалардың 76,5% -ын толығымен инвесторларға тиесілі жаңа кәсіпорындар құрайды. Капитал салымының мөлшері бойынша көшбасшы елдер арасында Америка Құрама Штаттары 23,2% үлеспен бірінші орынды иеленеді. Одан кейінгі орындарда Үндістан, Ұлыбритания, Швейцария және Сауд Арабиясы тұр. Creative Dubai есебіне сәйкес әмірлік жасанды зерде саласындағы дизайн, иммерсивті технологиялар мен инновациялардың әлемдік орталығына айналуда. Бұл өз кезегінде аталған араб елінің креативті бизнестің алдағы жылдардағы жетекші бағыты ретіндегі беделін нығайтады.

0 пікір
Мұрағат