|
Екпенің бірқатары міндетті болмақ
|
Қазақстанда екпенің бірқатары міндетті болмақ, деп хабарлады nege.kz ақпарат көзі ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевке сілтеме жасай отырып.
«Қазір «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске тиісті түзетулер әзірленуде, онда екпелердің бірқатары міндетті, ал бірқатары ерікті ретінде бекітілетін болады. Аталмыш кодекс бекітілгеннен кейін келесі кезеңде ҚР үкіметінің қаулысы бекітіледі. Ол қаулыда міндетті түрде алынуы керек екпе түрлері анық көрсетілетін болады, ал қалғаны ерікті түрде салынады», - деді Сұлтанғазиев Facebook желісіндегі тікелей эфирде.
Ол нақтылағандай, қазір аталмыш кодекс түзетулері парламент мәжлісінде қаралуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды