Елбасы кейбір пәндерді біріктіріп оқыту турасында өз ұсынысын білдірді
Елбасы кейбір пәндерді біріктіріп оқыту турасында өз ұсынысын білдірді
8 жыл бұрын 3943 NewTimes.kz

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің білім саласындағы жаңалықтар мен өзгерістерге қатысты өз ойын айта келіп, мектеп қабырғасында оқытылатын кей пәндерді біріктіру турасында ұсынысын білдірді. «Орта білім беру саласындағы бастамалар үлкен талқылаулар тудырды. Солардың ішінде бес күндік және үш тілдік оқу жүйесі де. Алдымен мұғалімдермен бұл мәселені талқылау керек, мен, мәселен, мұны дұрыс шешім деп санаймын. Біздің балаларымызға көп жүк артылған, ал бес күндікті өзгесін қысқарту есебінен енгізбеу керек. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиетін бір пәнге неге айналдыруға болмайды? Орыс тілінің грамматикасы мен әдебиетін, тарих пен географияны да»,- деді елбасы Қазақстан Халықтар Ассамблеясының XXIV сессиясында сөйлеген сөзінде. Елбасының айтуынша, әлемде мұндай жоқ. «Біз кейде америкалықтар Тәжікстан мен Ауғанстанды ажырата алмайды деп сынап жатамыз. Бұл шынымен де солай. Алайда, олар оны кейінгі өмірінде біле жатады. Оларда қалай өмір сүру керек, білімді қалай қолдану керек өмірде, аяққа қалай тұру керек, міне, осыларға үйретеді»,- деді сөзін сабақтаған президент.

0 пікір
Мұрағат