Қазақстан өз аумағында атом электр станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости Қазақстанның Ресейдегі елшісі Марат Сыздықовқа сілтеме жасап.
|
Елімізде атом электр станциясының құрылысы басталмақ
|
«Қазақстан атом энергетикасын дамыту жөніндегі жоспарынан бас тартқан жоқ. Атом электр станциясын салу жұмыстары еліміздің ортамерзімді және ұзақмерзімді даму жоспарларына енгізілген», - деді Сыздықов «Россия сегодня» ХАА алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда өндірілген уран 24 мың тоннаға жуықтады. Қазақстан уранның барлығын экспорттайды. Өйткені елімізде атом электр станциясы жоқ.
Қазақстан уранының 50 проценттен астамын Қытай импорттайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын жоспар бойынша Қазақстандағы АЭС құрылысы 2018 жылы басталатыны хабарланған еді. 2014 жылы станцияны салатын орын ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы таңдалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды