|
Құрбан айттың алғашқы күні британ министрі Әзірет Сұлтан мешітінде болды (видео)
|
Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні Британияның Еуропа және Америка жөніндегі министрі Алан Данкан Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітінде болды. Қадірменді мейман әсерімен бөлісіп, лебізін былай білдірген екен: "Менің артымда керемет Әзірет Сұлтан мешіті тұр. Қаладағы белгілі қонақжай орындарының бірі, бүгін мен оған кірудің құрметіне ие болдым. Қыркүйектің бірі - ислам күнтізбесіндегі ең маңызды күн. Сол себепті, мен мешіт алдында тұрмын, мен ізгі тілектерімді білдіргім келеді. Құрбан айт құтты болсын",- деді сөзінің соңында қазақшалап. Бұл видео оның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Қазақстан Республикасындағы Британ елшілігінің парақшасынан алынды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды