|
Елімізде терроризм туралы ақпарат айтқан адамға 2 млн теңге төленеді
|
Қазақстан Үкіметі 2017 жылдың 1 қаңтарында «Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы қабылдаған.
Енді құқыққорғау органдарына республика азаматтары елде орын алуы мүмкін, жоспарланған террористік актілерге қатысты, оны болдырмауға көмектесетін кез келген мәлімет бергені үшін 750-1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы төленеді, деп жазады stan.kz порталы kazislam.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Осыған қажетті барлық қаражат республикалық бюджетке аударылған. Маңызды ақпарат берген адамға ақшалай қаражат күдікті қылмыскерге үкім шыққан кезде немесе заңдық негізде қылмыстық іс тоқтатылған кезде аударылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Түсік жасатқысы келетін әйелге алдымен наным-сеніміне қарай дін қызметкерімен сөйлесуді міндеттейтін ережесі бар емханалар қай елде