|
Ғарышкер Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді
|
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан
№ 102
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады