Жас ғалым метрология саласы үшін тың жоба әзірледі
|

Қазақстандық жас ғалым метрология саласы үшін тың жоба әзірледі, деп хабарлайды 24KZ.
Асылбек Жұмағали жасаған құрылғы елде алғаш рет қырау мен шық температурасының бірліктерін жаңартуға мүмкіндік берді.
«Бұл бастама шетелге ғылыми тәуелділікті азайтуда маңызды қадам болып отыр», – дейді мамандар.
Өнертапқыш «ҚазСтандарт» мекемесінде еңбек етіп жүр. Оның жобасы халықаралық ғылыми басылымда жарияланды. Ал жаңа жабдық патенттелген.
Асылбек Жұмағали, «ҚазСтандарт» РМК қызметкері: - Бұл өлшем бірліктің өлшеу құралдары өнеркәсіпті өте маңызды. Мысалы, газ өнеркәсібі. Яғни, төмен ылғалдылықты көрсеткіштер маңызды өнеркәсіптерде қолданылады.
Бауыржан Қасымов, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары: - Өзіміздің калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктерімізді халықаралық деңгейде растау жұмысын жүргізіп келеміз. Бұл мүмкіндіктер халықаралық өлшемдермен және салмақтар бюросы шеңберінде жарияланады. Қазақстан СМС жолдары бойынша Орта Азия елдері арасында 1-ші орын иеленіп отыр. Біздің 119 СМС жазбамыз электр, геометриялық шамалар, масса, уақыт пен жиілік, басқа да өлшеу салаларында халықаралық талаптарға сәйкестікті көрсетеді.




