Кәмелетке толмағандарға дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынды
Кәмелетке толмағандарға дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынды
2 сағат бұрын 29 inbusiness.kz kaz.inform.kz Бақытбек Мейірім, Бақытгүл Абайқызы

Мамандар интернет арқылы дәрі сатып алатын кәмелетке толмағандарға қатысты қауіп бар екенін ескертті. 

Заңнамаға сәйкес, тіркелмеген және сапасы расталмаған дәрілік заттарды сатуға жол берілмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 233-бабының 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, елімізде мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы сәйкестік сертификатымен расталмаған және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сату қағидаларының 18-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тек тіркелген өнімдерді фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар субъектілерден сатып алу арқылы және белгіленген тәртіпте сапасы бағаланған жағдайда ғана өткізуге рұқсат етіледі.

Аталған қағидалардың 16-2-тармағына сәйкес, дәрі-дәрмектерді балаларға сатуға тыйым салынады. Ал Кодекстің 241-бабына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар белгіленген тәртіпте сапа бағалау рәсімінен өтуі тиіс.

Мамандардың айтуынша, бұл талаптарға қарамастан интернет-сауда арқылы кәмелетке толмағандардың дәрі-дәрмектерді бақылаусыз сатып алу қаупі сақталып отыр.

Дәрілік заттарды басқаруда жаңа технологиялар енгізіліп жатыр
KAZINFORM — Қазақстанда дәрілік қауіпсіздікті арттыру және емдеуді цифрландыру аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды. Жаңа жүйе дәрілерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және тарату арқылы емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Бұл туралы ДСМ-нің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ведомствоның мәліметінше, жаңа бөлімшеде емдеудің клиникалық-фармакологиялық бағалауы, терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін мониторингілеу, емдеудің ұтымды таңдалуын қамтамасыз ету және дәрілік заттарды дайындау, сондай-ақ қдәрілік заттарды есепке алу және сақтау қоймасы — бөлімі бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Дәрілік заттарды басқаруда жаңа технологиялар енгізіліп жатырФото: ДСМ

Мұнда таблеткалық дәрілік түрлерді автоматты түрде беру және қаптау жүйесі енгізілген. Бұл нақты дозалауды қамтамасыз етіп, адам факторының ықпалын азайтады және дәрі-дәрмекті беру процесін жеделдетеді. Дәрілік заттарды сақтауға арналған жаңа автоматтандырылған кабинет сақтау шарттарын қатаң бақылауға, қалдықтар мен жарамдылық мерзімдерін нақты уақыт режимінде есепке алуға, дәрілік препараттардың сақталуы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ роботтандырылған жеткізу жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.

— Автоматтандырылған шешімдерге көшу дәрілік заттарды басқаруды жаңа деңгейге шығарады. Заманауи әдістеме препараттардың өмірлік цикліне — клиникаға түскен сәттен бастап пациентке берілгенге дейінгі үздіксіз мониторингке негізделеді, бұл адам факторын барынша азайтады, — деді институттык Басқарма төрағасы Рустем Төлеутаев дәрілік заттарды есепке алу мен бақылаудың жаңа технологиялық әдістемесін таныстыру барысында.
Дәрілік заттарды басқаруда жаңа технологиялар енгізіліп жатырФото: ДСМ

Клиникалық фармакология бөлімінің жетекшісі Айгүл Бақтығалиева жаңа технологияларды енгізу IT жүйелерді — 1С бухгалтерияны және DAMUMED жүйесін — біріктіруге, бөлімшелердегі медициналық персоналдың уақытын оңтайландыруға, дәрілік қамтамасыз етудің жылдамдығы мен сапасын арттыруға және логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік беретінін хабарлады.

Дәрілік заттарды басқаруда жаңа технологиялар енгізіліп жатырФото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінде атап өтілгендей, госпитальдық фармация бөлімшесін құру дәрілік заттарды дербестендірілген есепке алуды енгізуге, фармакотерапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, шығындарды оңтайландыруға және емдеу тиімділігін мониторингілеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

0 пікір
Мұрағат