|
Көшпелі дәріхана дегенді естідіңіз бе?
|
Қазір үлкен қалаларда жейтін тамақ, киер киім, тіпті, азық-түлікке дейін үйге жеткізіледі. Бұл қалыпты жағдай. Осыған ұқсас қызметке енді шалғайдағы аудан тұрғындары да қол жеткізе бастады. Бұл жайында nege.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында еліміздегі алғашқы көшпелі дәріхана пункті жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары онда арзандатылған бағамен дәрі-дәрмек ала алады.
Жылжымалы дәріхана кесте бойынша жұмыс істеп, әр елді мекенді аралайды.
Ақтоғай ауданында бір ғана стационарлық дәріхана бар.
Ол орталық аудандық ауруханада орналасқан. Егер бұрын шалғай ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алу үшін аудан орталығына жол жүруге тура келсе, енді дәріхана оларға өзі келеді.
Жоба «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті