Мектеп оқушыларының ас мәзіріне балды неге қоспасқа?
Мектеп оқушыларының ас мәзіріне балды неге қоспасқа?
4 жыл бұрын 1708 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Балдың шипалы қасиеті туралы жиі айтылғанымен оны күнделікті тұтынуға екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Өйткені, бағасы шарықтап тұр. Айлығын шайлығына әзер жеткізіп жүрген қарапайы қазақ отбасылары өңінде аңсаған балды түсінде бармағын жалап көретін жағдайда. Осы орайда, балалардың иммунитетін нығайтатын әрі денсаулыққа пайдалы балды үйінде жей алмаса да мектеп асханасында тұтынуына неге жағдай жасамасқа?! Түнеукүні Тараз қаласында аталған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарымен кездесуінде осындай игі бастама көтерілді. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, Бердібек Сапарбаевқа аталмыш өңірдің ара шаруашылығы қауымдастығының жетекшісі Бахром Нұралиев бұл салаға мемлекет тарапынан қандай көмек керек екенін түсіндірген. Оның айтуынша, облыс өткен жылы 562 тонна бал өндірілген, яғни, бір адамға жылына орташа есеппен алғанда алты келіден айналған. Бал шаруашылығына жергілікті билік органдары тарапынан қолдау кем. Бұл салаға қажетті құрал-жабдықтың лизингтік мерзімін кем дегенде 5, әйтпесе жеті жылға дейін созу мәселесі көтерілді. Бахром Нұралиев осы саланың мұң-зарын айта келе балды мектеп оқушыларының ас мәзіріне енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы Бердібек Сапарбаев қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Ресей Федерациясының Алтай өңіріндегі мектеп оқушыларының ас мәзірінде бал бұрыннан барын айта кеткен жөн. 

0 пікір
Мұрағат