Өткен жылы елімізге 16 миллионға жуық шетелдік турист келген
Өткен жылы елімізге 16 миллионға жуық шетелдік турист келген
3 сағат бұрын 45 Фото: Курсив

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға артып келеді.

– 2025 жылы Қазақстан Республикасына 15,7 млн шетелдік азамат келді, делінген хабарламада.

Былтыр Қазақстанға келген туристер саны бойынша ТОП-10 ел:

1. Өзбекстан – 5 590 173 адам;

2. Қырғызстан – 3 545 701 адам;

3. Ресей Федерациясы – 3 502 093 адам;

4. Қытай – 968 838 адам;

5. Тәжікстан – 883 758 адам;

6. Беларусь – 167 116 адам;

7. Үндістан – 157 845 адам;

8. Түркия – 135 952 адам;

9. Әзербайжан – 96 834 адам;

10. Германия – 95 229 адам.

Елімізге келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға өсіп келеді.

– Қазақстанға 2020 жылы – 2 млн, 2021 жылы – 1,3 млн, 2022 жылы – 4,7 млн, 2023 жылы – 9,2 млн, 2024 жылы – 15,2 млн, 2025 жылы – 15,7 млн шетелдік турист келді, – делінген ресми жауапта.

0 пікір
Мұрағат