Қазақстан жылқы саны бойыншы 4-ші орында тұр
Қазақстан жылқы саны бойыншы 4-ші орында тұр
4 сағат бұрын 74 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақстан республикасы бірнеше жыл қатарынан жылқы саны бойынша әлемдік рейтингте төртінші орында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміз жылқы саны бойынша аалғашқы бестік құрамына кірген: Мексика (6,4 млн бас), Бразилия (5,7 млн бас), Моңғолия (4,7 млн бас), Қазақстан (4,4 млн бас) және Қытай (3,5 млн бас). Халықаралық ұйымның мәліметіне сәйкес Қазақстан жылқы саны бойынша Орта Азияда көш бастап тұр. Ал көрші қырғыздарда жылқы саны әлемдік рейтингте 17-ші орыннан көрінген – 2024 жылы 553,5 бас. Ал Өзбекстан жаһандық рейтингте 30-шы орынға жайғасқан – 283 мың бас. Тәжікстан – 51-ші орынға табан тіреген – 92 мың бас. Түркіменстан – 27,6 мың бас.

0 пікір
Мұрағат